Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.13.10. бастап 14ж.20.10. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 14 сағ. 57 мин. жалғыз тұратын зейнеткер көршісі есік қағысына және телефон қоңырауларына жауап бермейтіндігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, екінші ағаш есіктің құлыпын бұзды, пәтерге кірді. Әжей ваннада отырып шыға алмаған. Құтқарушылар оны шығарып, креслоға отырғызды. Әжей жедел жәрдемді шақырудан бас тартты.  
  2. 13 сағ. 06 мин. аз уақытқа пәтерден шыққаны, ал келгенде есік ішінен ысырмаға жабық тұрғандықтан сыртқы есікті аша алмағандығы, пәтерде бір жарым жасар бала қалғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, торды жылжытты, терезені шешті, сыртқы есікті ішінен ашты.  
  3. 18 сағ. 22 мин. бір жарым жасар қызы балконның есігін ішінен жауып қойғандықтан және өздігінен есікті аша алмайтындықтан, әпкесі балконда қалып, пәтеріне кіре алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Бала пәтерде болды, зардап шеккендер жоқ.   
  4. 17 сағ. 25 мин. өздігінен жүзікті шеше алмайтындықтан, ісіп кеткен саусағынан жүзікті алып беру өтінішімен ЖҚЖ базасына әйел келді. Құтқарушылар тістеуіктің көмегімен жүзікті тістеп алып саусағын босатты.

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД      

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

1-құтқару бөлімшесінің басшысы                         Смирнов С.Ю.