Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Спорт жаңалықтары

2014 жылғы 17-19 қазан аралығында «Жасыбай» БЖСМ шахмат бөлімшесінде мемлекеттік қызметкерлер, қалалық кәсіпорындар мен мекемелер командалары арасында қалалық бірінші лига спартакиада есебіне дәстүрлі, ұлттық және халықтық жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен шахмат бойынша қалалық біріншілік өткізілді. 

         Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Екібастұз қаласының салық басқармасы,  «Шығыс»  және «Грань» құрама командалары жеңіп алды. Әлеуметтік сала жұмыспен қамту, спорт, ішкі саясат, УМСЭН бөлімдерінің, «Богатырь Көмір» және «МӘТҚО» құрама командалары екінші орынға ие болды. Үшінші орын «Екібастұз қаласының ХҚКӨ» РМК, МАЭС-2 Екібастұз қаласы ТЖ командаларының еншісіне тиді.