kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

«ҚазТрансОйл» АҚ ШФ Павлодар мұнай құбыры басқармасының («Прииртышск» АҚКП, «Степное» МАС, «Екібастұз» МАС) объектілерін 2015-2017 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары» жобасы және (немесе) жоба бойынша қоғамдық тыңдаудың

Хаттамасы

 

Өткізу күні:  2014 жылғы 09 қазан.

Өткізу орны: Павлодар обл., Екібастұз ауд., Ә. Марғұлан атындағы ауылы «ҚазТрансОйл» АҚ ШФ ПМҚБ  «Степное» МАС

Қоғамдық тыңдау  «Әлкей Марғұлан атындағы село әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен ұйымдастырылды.

Қоғамдық тыңдау өткізу туралы ақпарат қоғамның назарына : 2014 жылғы 20 қыркүйектегі № 106 (14691) Сарыарқа самалы газеті арқылы жеткізілді. (1 Қосымша)

Қатысқандар: Ә. Марғұлан атныдағы ауыл тұрғындары, «ҚазТрансОйл» АҚ ШФ ПМҚБ  «Степное» МАС-тың қызметкерлері  (2 Қосымшаға сәйкес толық тізім). 

Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібі:

1. Қатысушыларды тіркеу.

2. Ашылуы.

3. Күн тәртібі мен регламентті бекіту.

4. Қоғамдық тыңдаудың төрағасы мен хатшысын таңдау.

5. «Степное» МАС-тың  еңбекті қорғау инженерінің баяндамасы.

6. Сұрақтарға жауап.

7. Қабылданған шешімдер.

8. Қоғамдық тыңдаудың жабылуы.

 

Сөз сөйледі:

- Тыңдауды «Әлкей Марғұлан атындағы село әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің маманы  - Р. А. Мұқашева ашты. 

- Қоғамдық тыңдау төрағасының кандидатуралары ұсынылды – «Степное» МАС-тың бастығы Ерқанат Ныгметұлы Бильтаев, қоғамдық тыңдаулардың хатшысы – «Степное» МАС-тың механигі Павел Николаевич Демичев.

- Қоғамдық тыңдауға қатысқан барлық қатысушыларға қоғамдық тыңдаудың төрағасы Ерқанат Ныгметұлы Бильтаев алғыс айтты.

- «Степное» МАС-тың  еңбекті қорғау инженері А.С. Медведев, «ҚазТрансОйл» АҚ ШФ Павлодар мұнай құбыры басқармасының («Прииртышск» АҚКП, «Степное» МАС, «Екібастұз» МАС) объектілерін 2015-2017 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары» жобасы бойынша баяндамамен шықты (баяндаманың материалдары 3 Қосымшада көрсетілген). 

 

Қоғам өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары мен ескертулері:

 Қоғамнан сұрақтар, ұсыныстар мен ескертулер жоқ.

 

Талқылау қорытындылары бойынша негізгі тұжырымдар:

Қоғамдық тыңдаудың қорытындысын жасауға рұқсат етіңіз.

Қоғамдық тыңдаудың нәтижелері Хаттамамен рәсімделіп, жергілікті атқару органдарының интернер-ресурстарында бес жұмыс күннен кешіктірмей жарияланатын болады.

Құрметті қоғам, Сіздер 7 күнтізбелік күн ішінде қоғамдық тыңдаудың Хаттамасының мазмұны бойынша өздеріңіздің ұсыныстарыңызбен ескертулеріңізді беруге құқылысыздар.

Қатысқандарыңыз үшін барлықтарыңызға рахмет! Қоғамдық тыңдаулар өтті және «ҚазТрансОйл» АҚ ШФ Павлодар мұнай құбыры басқармасының («Прииртышск» АҚКП, «Степное» МАС, «Екібастұз» МАС) объектілерін 2015-2017 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары» құпталды деп есептеуге болады. 

 

 

Қоғамдық тыңдаудың

төрағасы                                                                                                         Е. Бильтаев

                                                                            (қолы)

 

Қоғамдық тыңдаудың

хатшысы                                                                                             П. Демичев

(қолы)

 

 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза