Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз өңірі бойынша қылмыстың жай-жүйі туралы

Екібастұз қаласының ішкі істер басқармасымен 2014 жылдың 9 айы ішінде криминогенді жағдайды тұрақтандыруға, қылмысты ашуға және тергеуге, заңдылық пен құқықтық тәртіптің алдын алуға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылданды.

«Құқық тәртібі», «Жасырын», «Іздестіру» және т.б. республикалық және өңірлік кешенді  жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді.

Екібастұз қаласының аумағындағы криминогенді жағдай қалыпты күйде.

2014 жылдың 9 айы ішіндегі қылмыстық жағдайдың талдауы тіркелген қылмыстың 25,6%-ға (2504 қылмыстан 1863 қылмысқа дейін) төмендегенін көрсетеді.                             

Қылмыстық құрылымда тіркелген ауыр және аса ауыр қылмыстардың 34,1 %-ға (486-дан 320-ға дейін), соның ішінде:

аса ауыр қылмыс 35,3 % -ға (17-ден 11-ге дейін);

ауыр 34,1 %-ға (469–дан 309-ға дейін);

кісі өлтіру 50,0 %-ға (16-дан 8-ге дейін);

ауыр дене жарақаттары 36,8 %-ға (19-дан 12-ге дейін);

зорлау 20,6 %-ға (34-тен 27-ге дейін);

біреудін мүлкін ұрлау 22,4 %-ға (1440-тан 1118-ге дейін);

алаяқтық 19,4 %-ға ( 155-ден 125-ке дейін);

тонау 38,7 –ға (191-ден 117-ге дейін);

қарақшылық шабуыл жасау 54,5 %-ға (22-ден 10-ға дейін);

қорқытып алу 50,0 %-ға ( 6-дан 3-ке дейін);

бұзақылық 35,4 –ға (268-ден 173-ке дейін) төмендегені байқалады.

Есепте тұрғандардың арасында:

бұрын сотталған тұлғалармен 35,3 %-ға (14-ден 95-ке дейін);

алкогольден мас күйінде 6 % -ға ( 212-ден 199-ға дейін);

топтасқан тұлғалармен 36,4 % -ға (85-тен 54-ке дейін);

кәмелет жасқа толмаған тұлғалармен 7 %-ға (29-дан 27-ге дейін) жасалған қылмыстың төмендегені байқалады.

Әкімшілік жауапкершілікке 11 373 тұлға тартылды, 96 084 863 теңге сомаға әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде 49 002 594 теңге сома өндіріп алынды, өндіріп алу пайызы 51,0 %-ды құрады.

Анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтардың ішінен - 5 333 қоғамдық қауіпсіздік бағыты бойынша, оларға қатысты 8 869 228 теңге сомаға айыппұл салынды, 4 920 765 теңгесі өндіріп алынды, өндіріп алу пайызы 55,0 %-ды құрады.

Облыс ІІД-ның қабылдап-бөлу бөліміне тұрғылықты жері жоқ 29 тұлға орналастырылды, (2013 жылы – 75). Тұрақты мекені жоқ тұлғаларды анықтау фактісі бойынша 890 канализациялық құдық тексеріліп, 27 түнеу орындары анықталды. 

Екібастұз өңірінің аумағында 9 айдың қорытындысы бойынша 132 жол-көлік уақиғасы тіркелді, оның салдарынан 9 адам көз жұмды және 182 адам әртүрлі дене жарақаттарын алды. 

2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жол-көлік апаттары 27 фактіге, өлім 3 адамға және жарақат алғандар 52 тұлғаға кеміді.

 

Екібастұз қаласының

 ішкі істер басқармасы