Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мектеп–ЖОО

10 қазанда өңір педагогтарының әдістемелік деңгейлерін арттыру мақсатында білім бөлімімен Павлодар мемлекеттік педагогикалық  институтының профессорлық-оқытушылар құрамын қатыстыра отырып, ғылыми- практикалық  семинар  ұйымдастырылды.  Семинар  жұмысына 11-сыныптарда жұмыс істейтін  250  пән мұғалімдері қатысты.

ҰБТ-2015-ке сапалы дайындық бойынша кәсіптік пікірсайысы және оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырудағы  мұғалімдердің  жұмысын  үйлестіру  іс-шараны өткізудегі басымды бағыт болып табылды. 

Бұл бірлескен жоба ПМПИ мен Екібастұз қаласы мектептері мұғалімдерінің екі жақты ынтымақтастығы болып табылды.

 Семинар  қорытындысы бойынша «Мектеп–ЖОО» бағдарламасы аясында  шекара ынтымақтастығын кеңейтуге екі жақты келесімшарт жасалды.

 Бүгінгі күні үздіксіз білім беру  теориясында бірден бір ең дамыған және  болашақтағы қарқынды  үрдіс болып есептеледі.