Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 3 қазандағы № 62-ө өкімі

Екібастұз қаласы әкімдігінің құрамына

өзгерістер енгізу туралы 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан   Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 - баптарына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты:

1. Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 68-ө өкімімен бекітілген (Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 76-ө, 2014 жылғы 16 қаңтардағы № 2-ө, 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 24-ө  енгізілген өзгерістермен) Екібастұз қаласы әкімдігінің құрамына келесі өзгерістер енгізілсін:

Екібастұз қаласы әкімдігінің құрамына Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Талғат Шымкентұлы Момбаев енгізілсін.  

2. Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы М.Д.Адасбаеваға Екібастұз қаласы әкімдігінің құрамындағы осы өзгерістерді Екібастұз қалалық мәслихатының сессиясында қарауға және бекітуге енгізсін.      

  

Екібастұз қаласының 

    әкімі                                                                                  А. Вербняк    

Екібастұз қаласы әкімдігінің

құрамы 

 

Александр Федорович                    Вербняк

 

Мырзажан Акрамұлы

Үсенов

- Екібастұз қаласының әкімі, әкімдігінің төрағасы

 

- Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, әкімдігінің мүшесі

 

Айгүл  Қамзақызы

Марданова

 

 

- Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, әкімдігінің мүшесі

 

Талғат Шымкентұлы

Момбаев

- Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, әкімдігінің мүшесі

 

Мәриям Даулетбекқызы

Адасбаева

- Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы, әкімдігінің мүшесі

 

Нияз Құдайбергенұлы

Макраев

- Екібастұз қаласы әкімінің кеңесшісі, әкімдігінің мүшесі

 

Қанат Бийсембайұлы

Қапуов

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, әкімдігінің мүшесі