kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 59-ө өкімі

2014 жылғы мемлекеттік сатып алудың бірегей ұйымдастырушысын

белгілеу туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 33-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 7-бабына сәйкес:

1. Қызметтерді мемлекеттік сатып алудың бірегей ұйымдастырушысы болып мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырудың ерекше тәртібін қолдана отырып, конкурс тәсілімен бюджеттік бағдарламалардың келесі әкімшісі белгіленсін:

 «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі – «Павлодар облысы Екібастұз қаласының жұмыспен қамту орталығы» қазыналық мемлекеттік мекемесімен мемлекеттік емес ұйымдарды тартумен халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыру бойынша халықтың кәсіби бейімделуін жүргізу.

2.  Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі:         

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы өкімді іске асыруға қатысты шараларды қабылдасын.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.К. Мардановаға жүктелсін.

 

 

Екібастұз қаласының

             әкімі                                         А. Вербняк

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза