Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 54-ө өкімі

Екібастұз қаласының және Екібастұз қаласы ауылдық аймағының (Солнечный, Шідерті поселкелерінен және Бәйет ауылдық округі Атығай ауылының қосымша жер телімінен басқа) жерлерін салық салу мақсатында аймаққа бөлу сұлбаларын және жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту жөнінде арнайы жұмыс комиссиясын құру туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабына, жерлерді аймаққа бөлу жөніндегі 2008 жылғы 25 тамыздағы уақытша әдістемелік ұсыныстарға сәйкес:

         1. Екібастұз қаласының және Екібастұз қаласы ауылдық аймағының (Солнечный, Шідерті поселкелерінен және Бәйет ауылдық округі Атығай ауылының қосымша жер телімінен басқа) жерлерін салық салу мақсатында аймаққа бөлу сұлбаларын және жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту жөнінде арнайы жұмыс комиссиясы (бұдан әрі – Жұмыс комиссиясы) қосымшаға сәйкес құрылсын:

         2. Комиссияның жұмыс органы болып «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекетткі мекемесі белгіленсін.

         3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары М.А. Үсеновке жүктелсін.

 

         Екібастұз қаласының

                   әкімі                                                                        А. Вербняк 

       Екібастұз қаласы әкімінің

      2014 жылғы «15» тамыздағы

      № 54-ө өкіміне қосымша

Жұмыс комиссиясының құрамы:

 

Мырзажан Акрамович

Усенов

 

-      -

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, төрағасы;

 

Куанбек Еслямханович Акказенов

 

-

 «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, төрағаның орынбасары;

 

Асем Балгабаевна

Серикова

 

-

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, хатшы;

 

Жұмыс комиссиясының мүшелері

 

Меруерт Сатыбалдиновна

Калиева                                          

 

 

 

 

Айман Кабдильжановна

Абильханова                                

 

 

 

Кымбат Кенжебаевна

Бектемирова                                  

 

 

 

 

 

-

 

 

 

 

 

-

 

 

 

 

-

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары – Екібастұз қаласының ауылдық аймағы бойынша жерге орналастыру секторының меңгерушісі;

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Екібастұз қаласы бойынша жерге орналстыру секторының меңгерушісі;

 

 «Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі салық комитеті Павлодар облысы бойынша салық департаментінің Екібастұз қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Салық төлеушілермен жұмыс істеу және камералдық бақылау бөлімінің басшысы (келісім бойынша);

 

Жанаргуль Амантаевна Ахметова

 

-

 

 «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің түсімдерді болжамдау секторының меңгерушісі (келісім бойынша);

 

 

Рауза Ибраевна

Оспанова

 

 

-

 

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің  жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бухгалтерлік есеп және есептілік жөнінде бас маман.