Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 8 тамыздағы № 52-ө өкімі

Конкурстық ұсыныстарды қарау, оларды бағалау және жолаушылар мен жүктерді үнемі қалалық, қала сыртындағы және ауданішілік (Екібастұз қаласының ауылдық аймағы) автомобильдермен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына жеңімпаздарды анықтау жөніндегі  конкурстық комиссия құру туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен жол жүктерін тасымалдау қағидаларына сәйкес:

1. Конкурстық ұсыныстарды қарау, оларды бағалау және жолаушылар мен жүктерді үнемі қалалық, қала сыртындағы және ауданішілік (Екібастұз қаласының ауылдық аймағы) автомобильдермен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына жеңімпаздарды анықтау жөніндегі  конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) 1- қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

2. Комиссия туралы Ереже 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен жол жүктерін тасымалдау Қағидаларын басшылыққа алсын.

 4. Екібастұз қаласы әкімінің 2011 жылғы 13 шілдедегі «Конкурстық ұсыныстарды қарау, оларды бағалау және Екібастұз қаласында жолаушылар мен жүктерді үнемі автомобильдермен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына жеңімпаздарды  анықтау жөніндегі конкурстық комиссия құрамы туралы» (Екібастұз қаласы әкімінің 2011 жылғы 3 қарашадағы №42-ө, 2012 жылғы 31 қаңтардағы №5-ө, 2012 жылғы 12 наурыздағы №9-ө, 2012 жылғы 23 сәуірдегі №15, 2012 жылғы 25 мамырдағы № 19, 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 56-ө, 2013 жылғы 3 сәуірдегі №18-ө өкімдерімен енгізілген өзгерістерімен) № 22 - ө өкімі күшін жоғалтқан деп танылсын.

5. Осы өкімнің орындалуын бақылау әкімнің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

Екібастұз қаласының

 әкімі                                                                           А. Вербняк           

Екібастұз қаласы әкімінің

2014 жылғы «8» тамыздағы

№ 52-ө өкіміне

1 - қосымша

Конкурстық комиссияның

ҚҰРАМЫ

           

А.Ә.Т.

Лауазымы

Мырзажан Акрамович Усенов 

 

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы;

Кусниден

Зейнельгабиденович Касенов

«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық  шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Комиссия төрағасының орынбасары;

Карлага  Жумагазиевна  Омарова

 

«Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi мен автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және көріктендіру секторының бас маманы, Комиссия хатшысы;

 

Комиссия мүшелері:

 

Гарифолла Токенович Абдрахманов

 

- Екібастұз қаласының ішкі істер басқармасы әкімшілік полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі, (келісім бойынша);

Кайрат Жакиянович Токсанбаев

-«Қазақстан Республиқасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі автомобиль көлігін бақылау бөлімінің жетекші маманы, (келісім бойынша);                           

Дастан Жумашевич Махметов

 

-Павлодар облысы Автомобиль жолаушылар көлігі автовокзалдар (автостансалар) кәсіпорындары ассоциациясының президенті,(келісім бойынша)

Екібастұз қаласы әкімінің

2014 жылғы «8» тамыздағы  

№ 52-ө өкімімен

БЕКІТІЛДІ

           

2-қосымша

Конкурстық ұсыныстарды қарау, оларды бағалау және жолаушылар мен жүктерді үнемі қалалық, қала сыртындағы және ауданішілік (Екібастұз қаласының ауылдық аймағы) автомобильдермен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына жеңімпаздарды анықтау жөніндегі конкурстық комиссия туралы

ереже

1. Жалпы ережелер

 

1. Комиссия  жолаушылар мен жүктерді үнемі қалалық, қала сыртындағы және ауданішілік (Екібастұз қаласының ауылдық аймағы) автомобильдермен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына жеңімпаздарды анықтау жөнінде шешім шығаруға уәкілетті әрі жергілікті органдар жанында құрылатын алқалы орган болып табылады.

2.  Өз қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының келесідей ережелерін басшылыққа алады: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аймақтарды дамытудың мемлекеттік реттелуі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен жол жүктерін тасымалдау Қағидалары.

3. Комиссия дауыс беруге құқылы 5 адамнан және Комиссия хатшысынан құралады.

4. Комиссия құрамына: жергілікті атқарушы органдардың, көлік бақылауы аумақтық органдарының, жол полициясы аумақтық органдарының, жолаушыларды автобуспен тасымалдаушылар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері енеді.    

5. Комиссияны осы салаға жетекшілік ететін, қала әкімінің орынбасары-төраға басқарады.

                                         

2. Комиссияның міндеттері

 

6. Комиссияның негізгі міндеті жолаушылар мен жүктерді үнемі қалалық, қала сыртындағы және ауданішілік (Екібастұз қаласының ауылдық аймағы) автомобильдермен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына жеңімпаздарды анықтау жөнінде заңды шешім қабылдау болып табылады.

 

3. Комиссия қызметін ұйымдастыру

 

 7. Комиссия  отырыс хаттамасына шешімді бекіту арқылы Конкурс ұйымдастырушысымен қалыптастырылған лоттарды келісімдейді.

 8. Конкурс өткізу туралы хабарландыруды жарияланған күннен кейінгі бес күн ішінде Комиссия Конкурсты өткізу мәселелері бойынша конкурс алды конференцияны өткізеді.

 9. Комиссия төрағасы осы Конкурсқа қатысушыларымен ұсынылған деректерді оқиға орнына  шыға отырып дұрыстығын тексеруді (бұдан әрі - Тексеріс) ұйымдастыру үшін Комиссия құрамына кірмейтін жергілікті атқарушы органдардың, көлік бақылау мен жол полициясы органдарының өкілдерінен тұратын  конкурс алды комиссиясын құрады.

Егер Комиссия төрағасының болмауына байланысты конкурс алды комиссияның құрамы жөнінде шешімді дер кезінде шығару мүмкін болмаған жағдайда, Комиссия алқалы түрде конкурс алды комиссияның құрамын анықтайды.

 10. Өткізілген  Конкурс нәтижелері хаттамамен ресімделеді, оған комиссия мүшелері қол қойып, комиссия төрағасы оны бекітеді.

 11. Комиссия хатшысының дауыс беру құқығы жоқ.

12. Комиссия мүшелерінің жалпы санынан кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда, комиссия шешімі заңды деп танылады.

 

4. Комиссия қызметінің тоқтатылуы

 

13. Комиссия әкімнің өкімі негізінде өз қызметін тоқтатады.