Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 37-ө өкімі

Болжамды көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету және бюджетке түсетін қосымша қорларды іздестіру жөніндегі жұмыс комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» № 148 Заңының 33 – бабына сәйкес және қадрлық өзгерістерге байланысты:                  

1. Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 28 ақпандағы «Болжамды көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету және бюджетке түсетін қосымша қорларды іздестіру жөніндегі жұмыс комиссия туралы» №11-ө өкімімен бекітілген болжамды көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету және бюджетке түсетін қосымша қорларды іздестіру жөніндегі жұмыс комиссиясының құрамына (бұдан әрі – Комиссия) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) Комиссия құрамына:

Екібастұз қаласының әкімі Александр Федорович Вербняк, Комиссия төрағасы болып;

«Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Жанымхан Жансерік, Комиссия мүшесі болып енгізілсін;

2) Комиссияның құрамынан Динара Қадырхановна Садвакасова, Роза Кенженовна Джусупова шығарылсын.

2. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

        Екібастұз қаласының

                     әкімі                                                                    А. Вербняк