Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 36-ө өкімі

Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі

«Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар

мен аз қамтамасыз етілген отбасылардың жалпы білім беретін мектептердегі түлектеріне Екібастұз қаласының колледждеріндегі

және жоғары оқу орындарында оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі қалалық комиссия құру туралы»

№ 20-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен сәйкестікке келтіру мақсатында және кадрлық өзгерістердің болуына байланысты:

1. Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасылардың жалпы білім беретін мектептердегі түлектеріне Екібастұз қаласының колледждеріндегі және жоғары оқу орындарында оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі қалалық комиссия құру туралы» № 20-ө өкіміне (бұдан әрі - өкім), келесі өзгеріс енгізілсін:

өкімнің қосымшасындағы Нуржамал Мадениетовна Макумова  сөздерінен кейін «басшысының міндетін атқарушы» сөздері «басшысы» сөзімен ауыстырылсын.

2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 

 

         

         Екібастұз қаласының

                          әкімі                                                                   А. Вербняк