Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 6 маусымдағы №35-ө өкімі

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік - еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы 

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін - өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 – баптарына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты:

1. Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы №3-ө өкімімен енгізілген өзгерістермен, Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 29 қарашадағы «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік - еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның құрамын бекіту туралы» №67-ө өкімімен бекітілген, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік - еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның құрамына келесі өзгерістер енгізілсін (бұдан әрі – Комиссия):

1) Комиссияның құрамына:

Алима Сагидоллавна Рахимжанова, Екібастұз қаласы білім қызметкерлерінің кәсіби одағының төрайымы, Комиссия мүшесі болып;

Динара Мухамечановна Баграмова, «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамту секторының меңгерушісі, Комиссия хатшысы болып енгізілсін;

2) Комиссия кұрамынан Р.И.Акылбаева, С.В.Ткачева шығарылсын.

2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

                  

           Екібастұз қаласының

                        әкімі                                  А. Вербняк