Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 34-ө өкімі

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссия құрамына өзгеріс енгізу туралы 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37-баптарына сәйкес және кадрлық өзгерістердің болуына байланысты:

1. Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 22-ө өкімімен енгізілген өзгерістермен, Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы  29 қарашадағы «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссия құру туралы» № 66-ө өкімімен бекітілген, өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссия құрамына келесі өзгеріс енгізілсін (бұдан әрі - Комиссия):

1) Комиссия құрамына Нуржамал Мадениетовна Макумова, «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Комиссия мүшесі болып енгізілсін;

2) Комиссия құрамынан М.Д. Каирбаева шығарылсын.

2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

 

 

            Екібастұз қаласының

                           әкімі                                                                  А. Вербняк