Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 33-ө өкімі

Зиян шеккен нысандарға тексеру жүргізу туралы 

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 – баптарына, Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негіздейтін материалды ұсыну, оларды оқшауландыру және жою жөніндегі іс-шаралар, материалдық-техникалық есептеулер, қаржы және адамзат ресурстары ережесін бекіту туралы» № 226 бұйрығына сәйкес:

         1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Н.М. Макумоваға 2014 жылғы 24 мамырда Екібастұз қаласында болған дауылды желдің салдарынан зиян шеккен нысандарға төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық комиссия мүшелерінің және барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен комиссиялық тексеру жүргізсін.

         2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.К. Мардановаға жүктелсін.

 

Екібастұз қаласының

әкімі                                                                  А. Вербняк