Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 32-ө өкімі

Қоғамдық құрылымдардың қызметін үйлестіру жөнінде штабтың құрамына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 - бабына, 37 - бабының 3 тармағына сәйкес, кадрлық өзгерістердің болуына байланысты: 

1. Екібастұз қаласы әкімінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы «Қоғамдық құрылымдардың қызметін үйлестіру жөнінде штаб құру туралы» № 57-ө өкімімен құрылған (Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі №22-ө,  2013 жылғы 22 қарашадағы №54-ө өкімдерімен енгізілген өзгерістерімен) (бұдан әрі – Штаб) қоғамдық құрылымдардың қызметін үйлестіру жөніндегі штабтың құрамына келесі өзгерістер енгізілсін:

1) Штаб құрамына:

«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Нуржамал Мадениетовна Макумова Штаб мүшесі болып енгізілсін;

2) Штаб құрамынан М.Д. Кайрбаева шығарылсын.

2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы М.Д. Адасбаеваға жүктелсін.

 

Екібастұз қаласының

            әкімі                                                                                         А. Вербняк