Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 30-ө өкімі

Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын

арттыруға субсидия алу үшін ауыл шаруашылығы тауар

өндірушілерінің тізімін айқындау мақсатында

қалалық ведомствоаралық комиссияны құру туралы

 

 

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес:

1. Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға субсидия алу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тізімін айқындау мақсатында қалалық ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.

2. Ведомствоаралық комиссия туралы Ереже 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.  

3. Ведомствоаралық комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау Қағидасын басшылыққа алсын.

4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің кеңесшісіне жүктелсін.

 

 

 

Екібастұз қаласының

әкімі                                                             А.Вербняк

 

Екібастұз қаласы әкімінің

2014 жылғы «23» мамырдағы

№30-ө өкіміне

1 қосымша

 

 

 

Қалалық ведомствоаралық комиссия

ҚҰРАМЫ

           

Т.А.Ә

Лауазымы

Нияз Кудайбергенович Макраев

Екібастұз қаласы әкімінің кеңесшісі, комиссия төрағасы;

Отен Борумбаевич Токуров

«Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары;

Берик Наурызбаевич Касимов

«Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бас маманының міндетін атқарушы, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

 

Куанбек Еслямханович Акказенов

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;

Владимир Федорович Егер

Қалалық мәслихат депутаты, «Қазсушар» РМК «Қ. Сәтбаев ат. канал» Павлодар пайдалану басқармасының басшысы (келісім бойынша)

Азамат Жумажанович Копежанов

ҚР АШМ АӨК МИК Екібастұз қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы (келісім бойынша)

 

 

БЕКІТІЛДІ

Екібастұз қаласы әкімінің

2014 жылғы «23»  мамырдағы

№ 30-ө өкімімен

2-қосымша

Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға субсидия алу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тізімін айқындау мақсатында қалалық ведомствоаралық комиссия құру туралы

ереже

1. Жалпы ереже

 

1. Ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - комиссия) өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға субсидия алу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тізімін айқындау шешімін шығаруға уәкілетті әрі жергілікті органдар жанында құрылатын алқалы орган болып табылады.

2.  Өз қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының келесідей ережелерін басшылыққа алады: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы,  2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіп кешені мен ауыл аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы №221 қаулысымен бекітілген, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттен субсидиялау Қағидасы.

3. Комиссия дауыс беруге құқылы адамдар мен Комиссия хатшысының болуымен тақ санымен құрылады (кем дегенде бес адам).

4. Комиссия құрамына: жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қалалық мәслихат депутаттары және басқалары енеді.     

5. Комиссияны осы салаға жетекшілік ететін, қала әкімінің орынбасары немесе Екібастұз қаласы әкімінің кеңесшісі төраға басқарады.

 

                                           2. Комиссияның міндеттері

 

      6. Комиссияның негізгі міндеттері өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға субсидия алу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тізімін айқындау туралы заңды шешім қабылдау болып табылады.

 

 

3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

 

7. Комиссия қажеттілігі бойынша отырыс өткізеді.

8. Комиссия шешіміне дауыс беруге құқылы комиссия мүшелерімен қол қойылады.

9. Комиссия хатшысы комиссия отырысының хаттамасын жүргізеді (бұдан әрі - хаттама). Хаттамаға комиссия мүшелері қол қояды.

10. Комиссия хатшысының дауыс беру құқығы жоқ.

11. Дауыс беруге құқылы комиссия мүшелері өздерінің жіті пікірлерін жазбаша баяндап,  оны хаттамаға қоса бере алады, ол туралы соңында белгі қойылады.

12. Комиссия шешімі дауыс беру жолымен көпшіліктің дауысымен қабылданады.

13. Комиссия мүшелерінің кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда, комиссия отырысы құқылы деп есептеледі.

 

4. Комиссия қызметінің тоқтатылуы

 

14. Комиссия қала әкімінің өкімі негізінде өз қызметін тоқтатады.