Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



06.10.14 бастап 13.10.14 дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 03 сағ. 50 мин. жалғыз тұратын зейнеткер көршісі пәтерінде құлап қалғандығы және өздігінен тұра алмайтындықтан, қабырғасын қағып, көмек сұрап жатқандығы туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келгенде, зейнеткер өзі сыртқы есікті ашты және «жедел жәрдемді» шақыруды сұрады, медициналық қызметкерлер келген соң зейнеткерді олардың қамқорлығына қалдырды.
  2. 14 сағ. 45 мин. кілтін жоғалтып алғандығы және пәтеріне кіре алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған жалғыз тұратын зейнеткерден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, терезеден пәтерге кірді және сыртқы есікті ішінен ашты.  
  3. 15 сағ. 30 мин. өз пәтерінде жылан көргендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келгенде, жыланды таппады.  
  4. 06 сағ. 57 мин. екі автокөліктің соқтығыс болғандығы, қысылып қалғандар болғандықтан құтқарушылардың көмегі кректігі жөнінде хабарлаған 103 кезекшісінен қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, гидравликалық құралдың көмегімен ВАЗ 2109 автокөлігінің төбесін кесіп, бірінші зардап шегушіні және жүргізушіні алып шықты. Соңында жолаушының мәйітін шығарды. Екінші Рено-Дастер автокөлік жүргізушісінің кеудесі ауырғандықтан ауруханаға алып кетті.
  5. 07 сағ. 37 мин. аз уақытқа пәтерінен шыққандығы, келген кезде есік ішінен ысырмаға жабық тұрғандықтан өз кілтімен сыртқы есікті аша алмағандығы, пәтерде бір жасар бала қалғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, екінші қабаттың балконында сақтандырғышты ұйымдастырып, үшінші қабаттың балконына көтерілді, балкон есігі арқылы пәтерге кірді және сыртқы есікті ішінен ашты. Бала пәтерде болды.
  6. 18 сағ. 16 мин. қылмыс жасалған деп болжанған тұрғын үйдің бір пәтерінің сыртқы есігін ашуға құтқарушылардың көмегі керектігі жөнінде хабарлаған 102 кезекшісінен қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, сатыны қойды және осымен полиция қызметкерлеріне пәтерге кіруге жол ашты.

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД      

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

кинологиялық қызмет басшысы                                  Куценко Г.А.