Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала және ауылдық аймақтарды абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша күзгі сенбілік

11 қазанда  Екібастұзда жалпықалалық сенбілік өткізілді. Онда 725 ұйым мен кәсіпорын және 14 мыңнан аса адам тартылды.

Қала кәсіпорындары, ұйымдары мен мемлекеттік мекемелеріне санитарлық тазалық үшін көшелер бекітіліп берілген болатын.

Сенбілікке дәстүр бойынша мемлекеттік қызметшілер, ПИК және ҮИК жұмыскерлері, кәсіпкерлер, медиктер, мұғалімдер, оқушылар мен студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәлімдеуінше, екі мыңнан аса м². алаңындағы қалалық аймақ тәртіпке келтірілді.

Жиналған қоқысты уақытында шығару үшін 145 арнайы техника бірлігі пайдаланылды.

Жалпықалалық сенбілік аясында 259 ағаш пен бұталы өсімдіктер отырғызылды.

Екібастұз МАЭС-1 және МАЭС-2 станциялары, «Богатырь Көмір» ЖШС және «Восточный» кеніші, білім беру, денсаулық сақтау мекемелері, спорт, орта және шағын бизнес өкілдері белсенділік танытты.