Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



XIII қалалық «Ақ көгершін» фестивалі

2014 жылдың 10 қазанында «Өнер» қалалық мәдениет орталығында «Екібастұз» қоғамдық балалар қорының ұйымдастыруымен XIII қалалық «Ақ көгершін» фестивалі өтті.

Аталмыш шығармашылық фестиваліне мүмкіндігі шектеулі 249 бала қатысып, онда әдебиет шығармашылығы, қолөнер және бейнелеу өнері жанрында орындалған 394 жұмыстар ұсынылды.

Гран-при жүлдесі өз жұмысында Қазақстан халықтар достығын бейнелеген Казбек Байльдиновке бұйырды. Қала әкімі оған планшетті сыйға тартты.

Фестиваль жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталса, шараға қатысқан барлық балалар естелік сыйлықтар алды.