Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 27-ө өкімі

Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 1 қарашадағы

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті, балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың

(отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссия құру туралы» №60-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен сәйкестікке келтіру мақсатында және кадрлық өзгерістердің болуына байланысты:

1. Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 1 қарашадағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті, балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссия құру туралы» № 60-ө өкіміне (бұдан әрі - өкім), келесі өзгеріс енгізілсін:

өкімнің қосымшасындағы Нурсултан Ошакбаевич Кинаятов сөздерінен кейін «бас маманының міндетін атқарушы» сөздері «бас маманы» сөздерімен ауыстырылсын.

2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 

 

         

         Екібастұз қаласының

                          әкімі                                                                   А. Вербняк