Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 26-ө өкімі

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу мен есепке алу және оларға куәлік беру бойынша арнаулы комиссия құру туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 - баптарына, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің және оларға куәлік берудің кейбір мәселелері туралы» № 110 қаулысын орындауда, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу мен есепке алу және оларға куәлік беру бойынша жұмысты ұйымдастыру мақсатында:

1. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу мен есепке алу және оларға куәлік беру бойынша арнаулы комиссия (бұдан әрі – арнаулы комиссия) 1-қосымшаға сәйкес құрамда  құрылсын. 

2. Арнаулы комиссияның жұмыс органы болып «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі мемлекеттік мекемесі анықталсын.

3. Арнаулы комиссия туралы ереже 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4. Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 14 ақпандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу мен есепке алу және оларға куәлік беру бойынша арнаулы комиссия құрамына өзгерістер енгізу туралы» №7-ө өкімі жойылсын.

5. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 

 

          Екібастұз қаласының

                          әкімі                                                                   А. Вербняк

 

Екібастұз қаласы әкімінің

2014 жылғы «5»  мамырдағы

№ 26-ө

өкіміне 1-қосымша

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу мен есепке алу және оларға куәлік беру бойынша арнаулы комиссияның құрамы

 

Айгуль Камзиновна

Марданова

Татьяна Алексеевна

Тарасова

 

 

 

Нина Григорьевна

Кабрусьева

 

- Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, арнаулы комиссия төрағасы;

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, арнаулы комиссия төрағасының орынбасары;

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек секторының бас маманы, арнаулы комиссия хатшысы.

Комиссия мүшелері:

Шынар Кошербаевна Ермуханова

 

 

 

 

 

 

Куаныш Сагадатович

Адиев

 

Наталья Анатольевна

Грицына

 

 

Дулат Бекетұлы

Бекетов

 

Татьяна Михайловна

Середа

 

 

 

Лидия Ивановна

Сагайдачная

 

 

 

Айгуль Муратовна

Тулегенова

- «Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік жағынан қорғау және еңбек министрлігінің зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Павлодар облыстық филиалы Екібастұз қалалық бөлімшесі (келісім бойынша);

 

- Екібастұз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік – құқық бөлімінің басшысы;

 

- Екібастұз қалалық пошта байланысы торабы бастығының орынбасары (келісім бойынша);

 

- Екібастұз қаласы Әділет басқармасының басшысы (келісім бойынша);

 

- «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамы Екібастұз өңірлік филиалының қызметкерлерді басқару бөлімінің бас маманы (келісім бойынша);

 

- «Екібастұз қаласының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің жоғары санаттағы мұрағатшысы (келісім бойынша);

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру – кадр жұмысы секторының меңгерушісі.

Екібастұз қаласы әкімінің

2014 жылғы «5» мамырдағы

№ 26-ө

өкіміне 2-қосымша

 

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу мен есепке алу және оларға куәлік беру бойынша арнаулы комиссия қағидасы

 

1. Жалпы ережелер

 

            1. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу мен есепке алу және оларға куәлік беру бойынша комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу мен есепке алу және оларға куәлік беру бойынша шешім шығаруға уәкілетті жергілікті атқарушы органдар жанында құрылатын алқалы орган болып табылады.

         2. Өз қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының келесі ережелерін басшылыққа алады: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің және оларға куәлік берудің кейбір мәселелері туралы» № 110 қаулысын.

         3. Комиссия дауыс беруге құқығы бар адамдардың тақ санынан (кем дегенде жеті) және Комиссия хатшысынан қалыптастырылады.

         4. Комиссия құрамына халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер уәкілетті органдарының, орталық атқарушы органныңаумақтық бөлімшелерінің, әділет органдарының, мемлекеттік мұрағат, пошта байланысы торабының, екінші деңгейдегі бактердің, өтемақы төлеу жөніндегіуәкілетті ұйымның өкілдері кіреді.

         5. Комиссияны төраға Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары басқарады.

 

2. Комиссияның міндеттері

 

         6. Комиссияның негізгі міндеті Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу мен есепке алу және оларға куәлік беру бойынша заңды шешім қабылдау болып табылады.

         7. Комиссияның функциялары мыналар:

         1) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу мен есепке алу және оларға куәлік беру үшін ұсынылған істер макетінің мазмұнын құқықтық бағалау мен тиісті ресімделуін жүргізу;

         2) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу мен есепке алу және оларға куәлік беру үшін қажетті құжаттарды сұрату;

         3) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен деп тану (танудан бас тарту) және оларға куәлік беру туралы шешiм шығару;

         4) қабылданған шешім туралы  арыз берушіні хабарландыру.

 

3. Комиссия қызметін ұйымдастыру

 

8. Комиссия азаматтардан өтініш түсу шамасы бойынша кеңеседі.

9. Комиссия шешіміне комиссия мүшелері қол қояды. Дауыс беруге құқығы бар Комиссия мүшелері комиссияның шешімінде көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауап береді. Шешім әрбір өтініш иесі бойынша жеке қабылданады.

10. Комиссия хатшысы  комиссия отырысының хаттамасын жүргізеді (бұдан әрі – хаттама). Хаттамаға барлық Комиссия мүшелері қол қояды. Дауыс беруге құқығы бар Комиссия мүшелері хаттамада көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауап береді.

11. Комиссия хатшысының дауыс беруге құқығы жоқ.

12. Дауыс беруге құқығы бар Комиссия мүшелері өздерінің ерекше пікірлерін жазбаша түрде мазмұндап, хаттамаға қоса бере алады, ол туралы соңғысында белгі жасалады.

13. Комиссия шешiмi көпшiлiк дауыспен қабылданады.

14. Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жартысынан астамы қатысса, онда Комиссия шешімі қабылданды деп есептеледi.

 

4. Комиссия қызметін тоқтату

 

15. Комиссия жергілікті атқарушы орган жойылған кезде өз қызметін тоқтатады.