Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 26 сәуірдегі № 24/1-ө өкімі

Зиян шеккен нысандарға тексеру жүргізу туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңы 33, 37 – баптарына, Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негіздейтін материалды ұсыну, оларды оқшауландыру және жою жөніндегі іс-шаралар, материалдық-техникалық есептеулер, қаржы және адамзат ресурстары ережесін бекіту туралы» № 226 бұйрығына сәйкес, 2014 жылғы 26 сәуірде Екібастұз қаласында және ауылдық аймақта болған дауылды желдің салдары бойынша төтенше жағдай жөніндегі комиссияның  2014 жылғы 28 сәуірдегі кезектен тыс отырысының хаттамасы негізінде:

         1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Н.М. Макумова:

 2014 жылғы 26 сәуірде Екібастұз қаласында және ауылдық аймақта болған дауылды желдің салдарынан зиян шеккен нысандарға төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық комиссия мүшелерінің және барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен комиссиялық тексеру жүргізсін.

         2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.К. Мардановаға жүктелсін.

 

 

Екібастұз қаласының

әкімі                                       А. Вербняк