kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 22-ө өкімі

Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 29 қарашадағы

«Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының)  өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссия құру туралы» №66-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 325-ө-м бұйрығымен бекітілген Арнайы комиссия туралы үлгілік ережеге сәйкес, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен сәйкестікке келтіру мақсатында және кадрлық өзгерістердің болуына байланысты:

1. Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 29 қарашадағы «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының)  өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссия құру туралы» № 66-ө өкіміне (бұдан әрі - өкім), келесі өзгерістер енгізілсін:

1) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссия құрамына (бұдан әрі – Комиссия):

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтардың жекеленген санаттарымен жұмыс жасау секторының бас маманы Умут Разиевна Ахметова, Комиссия хатшысы болып енгізілсін;

2) Комиссия құрамынан С.И. Лысенко шығарылсын.

3) өкімнің 2-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын: «2. Комиссия өз қызметінде Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 83/3 қаулысымен бекітілген арнайы комиссия туралы ережені басшылыққа алсын.»

2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 

 

         

         Екібастұз қаласының

                          әкімі                                                                   А. Вербняк

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза