Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 20-ө өкімі

 Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар

мен аз қамтамасыз етілген отбасылардың жалпы білім беретін мектептердегі түлектеріне Екібастұз қаласының колледждеріндегі

және жоғары оқу орындарында оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі қалалық комиссия құру туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37-баптарына Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы 8- бабының 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары, Екібастұз қалалық мәслихатының 2013 жылғы 25 қазандағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 154/20 шешімі негізінде:

          1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасылардың жалпы білім беретін мектептердегі түлектеріне Екібастұз қаласының колледждеріндегі және жоғары оқу орындарында оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі қалалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) 1 – қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

2. Комиссия туралы Қағида 2 – қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 

 

         

         Екібастұз қаласының

                          әкімі                                                                   А. Вербняк

Екібастұз қаласы әкімінің

2014 жылғы «11» сәуірдегі № 20-ө

өкіміне 2-қосымша

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы жалпы білім беретін мектеп түлектеріне Екібастұз қаласының колледждеріндегі және жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссия туралы қағида

 

1. Жалпы ережелер

 

         1. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Қағидаға сәйкес жүзеге асырады.

         2. Комиссия тұрақты қызмет ететін орган болып табылады және Екібастұз қаласының колледждеріндегі және жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеуге әлеуметтік көмек тағайындау үшін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы жалпы білім беретін мектеп түлектеріне конкурс өткізу және іріктеу жүргізу мақсатында құрылған.

 

2. Комиссияның міндеттері мен функциялары

 

3. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларымен белгіленген ақылы оқуға түсуге қажетті, Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде алған баллдары бойынша және мемлекеттік білім беру грантын немесе кредит алмаған Екібастұз қаласының колледждеріндегі және жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек алуға үміткер ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы жалпы білім беретін мектеп түлектерінің құжаттарын қарастыру;

2) «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесімен тапсырылған құжаттар бойынша Екібастұз қаласының колледждеріндегі және жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау мақсатында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы жалпы білім беретін мектеп түлектерін іріктеуден өткізу.

4. Комиссия жүргізілген конкурс нәтижесі бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы жалпы білім беретін мектеп түлектеріне Екібастұз қаласының колледждеріндегі және жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеуге әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттарды «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жібереді.

5. Комиссия негзігі міндеттеріне сәйкес мынадай функцияларды атқарады:

1) қарауға ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді;

2) Екібастұз қаласының колледждеріндегі және жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеуге әлеуметтік көмекті алуға үміткер ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы жалпы білім беретін мектеп түлектерін анықтайды;

 

3. Комиссияның құқықтары

 

6. Комиссия студенттен оқуға ынталы түрде қатысуын, сессияларын уақытында тапсыруын талап етуге құқылы.

7. Жылына екі рет оқу сессиясының нәтижесі бойынша Комиссия шешімімен оқудан шығарылған студенттің орнына оқу құқығы ректоратпен ұсынылған, «жақсы» және «өте жақсы» бағасымен осы оқу орнында оқитын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы студентке ұсынылады, осы студенттің оқуына арналған ақы белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

8. Әлеуметтік көмек алушысы жоғары оқу орнынан шығарылған жағдайда, төленген әлеуметтік көмек қайтарылмайды.

4. Комиссия қызметiн ұйымдастыру

9. Комиссия қажетiне қарай өткiзiлетiн мәжiлiстерiнде өз мiндеттерi мен функцияларына сәйкес мәселелер қарайды және шешiмдер қабылдайды.

10. Комиссия шешiмi көпшiлiк дауыспен, ашық түрде дауыс беру жолымен қабылданады және егер Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жартысынан астамы дауыс берсе, онда ол қабылданды деп есептеледi. Дауыс саны тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешушi дауыс болып табылады.

11. Комиссия шешiмдерiне облыстық комиссия мүшелерiнiң барлығы қол қояды.

                 5. Әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртібі

 

12. Жан басына шаққандағы табыс облыс бойынша (тиiстi жылдың ІІ тоқсаны) белгiленген күн көрiс минимумының мөлшерiнен аспайтын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы жалпы білім беретін мектеп түлектеріне Екібастұз қаласының колледждеріндегі және жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек (бұдан әрі - Әлеуметтік көмек) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы жалпы білім беретін мектеп түлектеріне Екібастұз қаласының колледждеріндегі және жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссия шешімінің бойынша конкурстық негiзде тағайындалады (бұдан әрі – Комиссия).

13. Олардың   тұратын жерлерiн әлеуметтiк - тұрмыстық   жағдайларын тексеру   актiлерi   бiлiмi  туралы   диплом    алғанға   дейiн    колледжде  немесе жоғары оқу орнында оқыған барлық кезең үшiн Әлеуметтiк  көмек тағайындағанда бiр рет жасалады.
         Ауылдық елді мекендерде тұратын жалпы білім беретін мектеп түлектерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын тексеру актiлерiн ауылдық округтердің, кенттердің, ауылдардың әкімдері құрастырады.

14. Ұлттық бірыңғай тестілеуде 50 ұпайдан кем, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 55 ұпай жинаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарына түсу үшін әлеуметтiк көмек тағайындалмайды.

15. Жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшiн әлеуметтiк көмектi алуға үмiткерлердiң iрiктелуi жинаған ұпайдың ең жоғары саны бойынша жүргiзiледi. Ұпайлары тең болғанда жалпы бiлiм беру мектебiн бiтiргенi туралы үздiк аттестатын иеленушi басымды құқылы болады.

9 сыныпты аяқтаған жалпы білім беретін мектеп түлектері үшін іріктеу негізгі орта білімі туралы куәлігінің максималды орташа ұпайы бойынша жүргізіледі.

6. Әлеуметтік көмектің мөлшері

 

16. Әлеуметтік көмек тиісті оқу жылындағы нақты оқу құнының мөлшерінде көрсетіледі.

17. Жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге тұруына, тамақтануына және тұрғылықты жеріне жол жүруіне 15235 теңге мөлшерінде ай сайын әлеуметтік көмек қосымша тағайындалады.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Екібастұз қаласының колледждерінде оқитын студенттерге ай сайын тұруына, тамақтануына және тұрғылықты жеріне жол жүруіне 12188 теңге мөлшерінде ай сайын әлеуметтік көмек тағайындалады.

7. Әлеуметтiк көмектi тағайындау үшiн
қажеттi құжаттар тiзiлiмi

18. Әлеуметтiк көмектi алуға үмiткер тұлға «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келесi құжаттарды ұсынады:

1) өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) жалпы орта білімі туралы аттестат (11 сынып аяқтаған жалпы білім беретін мектеп түлектері үшін) немесе негзігі орта білімі туралы куәлік (9 сынып аяқтаған жалпы білім беретін мектеп түлектері үшін);

4) ұлттық бірыңғай тестілеуден өту туралы сертификат (11 сынып аяқтаған жалпы білім беретін мектеп түлектері үшін);

5) тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелімін растайтын құжат;

6) отбасы құрамы туралы мәліметтер;

7) отбасы мүшелерінің кірістері туралы мәліметтер, зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірмелер (аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы жалпы білім беретін мектеп түлектері үшін);

8) Жәрдемақылар, зейнетақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдері алушылар үшін Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Екібастұз бөлімшесінен анықтама;

9) мал, құс санын көрсете отырып қосалқы шаруашылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама (ауылдық жерде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы жалпы білім беретін мектеп түлектері үшін);

10) ата-аналарының қайтыс болғаны туралы куәлiк (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектері үшін);

11) қорғаншы белгілеу туралы қаулы (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектері үшін);

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

8. Есеп жүргiзу мен есеп беру

19. Әлеуметтiк көмектi алған тұлғалар Комиссияның шешімі негізінде қосымша «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мыналарды ұсынады:

- екінші деңгейдегі банктердегі немесе банктік операциялардың жеке түрлерін жүргізуге тиісті лицензиялары бар ұйымдарда жеке шотының нөмірін;

- Екібастұз қаласының әкімімен, жоғары оқу орнының немесе Екібастұз қаласы колледжінің басшысымен және студентпен қол қойылған білім беру қызметтерін көрсетуге арналған үш жақты шарт.

20. Әлеуметтiк көмектi алған тұлғалар ақшалай қаражаттың жеке есеп шоттарына түскеннен кейiн, алған сомасын оқуды төлеу үшiн жоғары оқу орнына өткiзуге және «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне төлеу туралы түпнұсқасын тапсыруға мiндеттi.

 

 

Екібастұз қаласы әкімінің

2014 жылғы «11» сәуірдегі № 20-ө

өкіміне 1-қосымша

 

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы жалпы білім беретін мектеп түлектеріне Екібастұз қаласының колледждеріндегі және жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі қалалық комиссия құрамы

 

Айгуль Камзиновна

Марданова

 

- Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы;

Татьяна Алексеевна

Тарасова

 

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Комиссия төрағасының орынбасары;

Светлана Ивановна

Лысенко

 

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

Канат Бийсембаевич

Капуов

 

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  басшысы;

Сабит Тулеуович

Муканов

 

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  басшысы;

Нуржамал Мадениетовна Макумова

 

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы;