Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 18-ө өкімі

Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын Екібастұз қаласы жергілікті атқарушы және өкілетті органдарына көліктік қызмет көрсету үшін қызметтік автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» № 663 қаулысына сәйкес, «Павлодар облысы әкімінің 2011 жылғы 11 қарашадағы «Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік органдарға көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» № 2 шешімі (Павлодар облысы әкімінің 2013 жылғы 8 тамыздағы № 3, 2014 жылғы 28 ақпандағы № 1 шешімдерімен енгізілген өзгерістерімен) негізінде:

1. Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын Екібастұз қаласы жергілікті атқарушы және өкілетті органдарына көліктік қызмет көрсету үшін қызметтік автомобильдер саны мен жүру лимиттері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін. 

 

         

         Екібастұз қаласының

                          әкімі                                                                   А. Вербняк

Екібастұз қаласы әкімінің

2014 жылғы «11» сәуірдегі

№ 18-ө өкіміне

қосымша

Екібастұз қаласының жергілікті атқарушы органдарына көліктік қызмет көрсету үшін кезекші автомобильдердің

лимиті

 

Мекеменің атауы

Автокөлік саны

Бір айға бір автомашинаның жүрісі (км)

2

3

4

«Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

1

4000 артық емес

«Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1

3000 артық емес

«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1

3000 артық емес

«Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1

3000 артық емес

«Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1

3000 артық емес

«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1

3000 артық емес

«Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1

3000 артық емес

«Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1

3000 артық емес

«Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1

3000 артық емес

«Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі»

1

3000 артық емес

«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1

3000 артық емес

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1

3000 артық емес

«Екібастұз қаласы әкімдігінің  жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1

3000 артық емес

«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1

3000 артық емес

«Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1

3000 артық емес

«Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1

3000 артық емес

 

Ескерту:

Қызметтік автомобильдер үшін жүріс нормативін белгілеу:

Қала әкіміне, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасарларына – айына көліктің 1 бірлігіне 7000 км. артық емес;

Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысына - айына көліктің 1 бірлігіне 2000 км. артық емес;

ауылдық округтердің, кенттердің және ауылдардың әкімдеріне - айына көліктің 1 бірлігіне 4000 км. артық емес.