Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мүлікті жария етуді өткізу туралы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» № 213-V ҚРЗ Заңына сәйкес мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталады және 2015 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.  

Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталады және 2015 жылдың 30 қарашасында аяқталады. 

Осы Заңның күші 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейiн өздеріне тиесілі болған және өздері алған мүлiктi жария ететiн және жария еткен жария ету субъектілеріне қолданылады.

Осы Заңның күшi осы Заңды қолданысқа енгізу күніне өздеріне қатысты:

1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 190, 191, 193 (осы тармақшада көрсетілген, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң баптарында көзделген қылмыстарды жасау арқылы сатып алынған мүлікті жария еткен жағдайда), 208, 213, 215, 216, 216-1, 217, 218, 221, 222-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшiн оларды кінәлі деп таныған соттың үкімі;

2) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 118, 143, 143-2, 155, 155-1, 155-3, 155-4, 155-5, 156, 157, 166, 168-1, 178, 185, 187, 205-1, 205-2, 206, 206-1, 206-2, 207, 208, 208-1, 209, 214, 237, 239, 357-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкiмшiлiк жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды адамның) қаулысы заңды күшіне енген жария ету субъектілеріне қолданылмайды.

Мынадай мүлік:

1)    ақша;

2)    бағалы қағаздар;

3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі – қатысу үлесі);

4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);

5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);

6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.

Осы баптың 1-тармағында көрсетілген:

1) жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне, мемлекеттің конституциялық құрылысының негiздерi мен қауiпсiздiгiне, меншiкке, ақпараттық технологиялар қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, қоғамдық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және имандылыққа, басқару тәртібіне, сот төрелігіне және жазаларды орындау тәртібіне қарсы қылмыстарды жасау;

2) экологиялық, көліктік, әскери қылмыстарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы өзге де қылмыстарды, экономикалық қызмет (осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда), оның ішінде экономикалық контрабанда саласындағы қылмыстарды жасау;

3) жалған ақша мен бағалы қағаздар жасау және өткiзу, жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу;

4) инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану және бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау нәтижесiнде алынған мүлік жария етуге жатпайды.

Сонымен қатар:

1) сот тәртiбiмен оған құқықтар дауланып жатқан;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында оған құқықтар беруге жол берiлмейтiн мүлік;

3) кредиттер ретiнде алынған ақша;

4) мемлекет пайдасына берілуге жататын мүлік;

5) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру шеңберінде құрылысы бюджет қаражаты есебінен аяқталған жылжымайтын мүлік объектілеріндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар жария етуге жатпайды.

Осы Заңның мақсаты үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік болып айқындалатын мүлікке ұқсас мүлік Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік болып танылады.

Мүлiктi жария еткенi үшiн алым (бұдан әрi – алым):
         1) осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда – ақшаны;

2) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiктi немесе эмитенттері шет мемлекетте тіркелген бағалы қағаздарды немесе шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлестерін (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiк) жария еткен кезде өндіріліп алынады.

2. Алым:

1) осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жинақ шотынан алынған немесе басқа шотқа аударылған ақша сомасының;

2) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүліктің сатып алу құнының немесе бағалау құнының он пайызы мөлшерінде төленеді.

Осы тармақшада көрсетілген мүлiк бойынша алым мүлiктi жария етуге құжаттарды тапсырғанға дейін төленеді.

Осы Заңның 7-бабының 5 және 9-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, төленген алымды қайтару жүргізілмейді.

Бұл ретте қайтару Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіппен жария ету субъектісінің өтініші негізінде жүзеге асырылады.

 

Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етудi өткiзу үшін жария ету субъектілері комиссияға немесе салық органына мынадай құжаттарды:

1) белгіленген нысан бойынша мүлiктi жария етудi өткiзуге арналған өтiнiшті;

2) өтінішті берген кезде түпнұсқасын көрсету арқылы жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;

3) заңнамамен көзделген өзге де құжаттарды тапсырады.

Құжаттарды қабылдау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының және салық органының кеңсесі арқылы жүзеге асады.  

Құжаттарды жария ету субъектілері:

1) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) – жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша салық органына;

2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) – мұндай мүліктің тұрған жері бойынша комиссияға өтініш тапсырылатын жылжымайтын мүлікті жария ету жағдайларын қоспағанда, жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша комиссияға ұсынады.

      Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiктi жария ететін жария ету субъектілері салық органына құжаттар тiзбесiне қосымша мынадай құжаттарды:

      1) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiк және шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлесі бойынша – осындай мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн;

      2) эмитенттерi шет мемлекетте тіркелген бағалы қағаздар бойынша – бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi жеке шоттан үзiндi көшірменi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген, осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжатты;

         3) мүліктің сатып алу құнын немесе бағалау құнын растайтын құжатты ұсынады, бұл ретте, егер мүліктің құны шетел валютасында көрсетілсе, онда мұндай құн Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен, өтініш берілген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша қайта есептеледі;

         4) алымды төлегенін растайтын құжатты ұсынады.

 

Басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария ету үшін құжаттар тiзбесiне қосымша мынадай құжаттарды:

1) мүлікке меншiк құқығын белгілейтін құжаттың (нотариат куәландырған) көшірмесін;

2) басқа тұлғаның жария ету субъектісіне мүлікті өтеусiз бергенi туралы шарттың (нотариат куәландырған) көшірмесін;

3) бағалы қағаздар бойынша – бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi жеке шоттан үзiндi көшірменi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген, осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжатты;
         4) қатысу үлесі бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін, заңды тұлғаның мөрімен бекемделген мемлекеттік қайта тіркеу туралы заңды тұлға органының шешімін не шешімінен үзінді көшірмені ұсынады.

 

Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлікті жария ететін жария ету субъектілері салық органына құжаттар тiзбесiне қосымша мынадай құжаттарды:

1)    мүліктің бағалау құнын растайтын құжатты;

2) алымды төлегенін растайтын құжатты ұсынады.

 

Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жылжымайтын мүлiктi жария ететiн жария ету субъектілері комиссияға құжаттар тізбесіне қосымша мынадай құжаттарды:

1) ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігіне техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын;

2) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын ұсынады.

 

Екібастұз қаласы әкімі аппаратының және салық органының кеңсесі мүлiкті (ақшадан басқа) жария ету үшін өтініш білдірген жария ету субъектісінің арызын тіркейді.

 Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсынылған құжаттар себептерi көрсетіле отырып, мынадай:

1) Заңда белгiленген құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған;
          2) ұсынылған құжаттарда өшiрiп тазалау мен түзетулер болған;

3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының осындай құжаттарға қойылатын талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда қайтарылуға жатады.

Мүлiктi жария етуге ұсынылған құжаттарды қайтаруға негiз болған себептердi жойған кезде адам осы Заңда белгiленген мүлiктi жария ету мерзiмі iшiнде қайтадан өтiнiш беруге құқылы.

Жария ету мерзімі барысында ұсынылған мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету туралы өтініш комиссияға, салық органына өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады.

12. Құжаттарды қарау нәтижесі бойынша комиссия, салық органы мүлікті жария ету туралы екі шешімнің бірін (бұдан әрі – шешім) қабылдайды:

1) мүлікті (ақшадан басқа) жария ету туралы;

2) жария етуден (ақшадан басқа) бас тарту туралы (бас тартудың себептері көрсетіле отырып).

Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасы аумағының шегінде орналасқан объектіні – жеке тұрғын үй құрылысын (шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды қоса алғанда) жария ету туралы комиссияның шешімі нақты жағдайы бойынша құрылыс салу жүйесінде жария етілетін объектіні орналастыру (орналасу) бөлігінде қала құрылысы регламенттеріне, өртке қарсы және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу арқылы қабылданады.

Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасы аумағының шегінде орналасқан объектіні – өндірістік немесе басқа мақсаттағы объектіні жария ету туралы комиссияның шешімі нақты жағдайы бойынша құрылыс салу жүйесінде жария етілетін объектіні орналастыру (орналасу) бөлігінде қала құрылысы регламенттеріне, өртке қарсы, санитариялық, экологиялық, радиациялық және басқа нормативтік талаптарға сәйкестігін белгілеу арқылы қабылданады.

Мүлік орналасқан Екібастұз қаласы әкімінің аппараты жария етілетін жеке тұрғын үй құрылысы объектілерін және саяжай құрылыстарын техникалық тексеру үшін сарапшыны (сарапшыларды) тартуды ұйымдастырады.

Өзге құрылыстың жария етілетін объектілерін техникалық тексеруді жүргізу үшін сарапшыны тартуды өтініш беруші өз бетінше жүзеге асырады.

Жария ету субъектісі жария етілетін жеке тұрғын үй құрылысы объектілерін, саяжай және өзге құрылыстарын техникалық тексеруді жүргізу үшін сарапшының қорытындысын алу үшін белгіленген нысан бойынша өтінішпен әкім аппаратына жүгінеді.

 

Комиссия қабылдаған шешімдерге қатысты құқық мирасқорлығы және өкілдік

 

         Комиссияның мүдделерін, оның ішінде комиссия қызметінің тоқтатылған кезінен бастап мүдделерін білдіруді жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
         Құқық мирасқорына мүлікті жария ету не жария етуден бас тарту туралы комиссия шешім шығарған мүлікке қатысты талапкер немесе жауапкер болу өкілеттіктері ауысады.

     

Комиссияның, салық органының шешімдеріне, сондай-ақ мүлiктi жария етуді өткізу кезіндегі өзге де әрекеттерге (әрекетсіздікке) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.

 

Ескертпе: Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 2 қыркүйектегі өкімімен мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу жөнінде комиссия құрылды, төрағасы - Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары М.А. Усенов.  

 

Құжаттарды қабылдау Мәшһүр Жүсіп көшесі 45, № 11 каб. тел. 344500 мекенжайындағы Екібастұз қаласы әкімінің аппаратында жүзеге асады.  

 

 

Екібастұз қаласы әкімінің аппараты