Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қамыққанға қамқор болу мейрамы

2014 жылдың 4 қазанында Құрбан айт мерекесі күні қалалық мешітте құрбандық шалу рәсімі өтті. Құрбан айт – бұл ағайындар арасындағы бауырмашылықты нығайтып, әрбірімізді кешірімді болуға үндейтін ұлттық мейрам.

Құдайкөл ауылдық округі «Санду» шаруа қожалығының басшысы  Ерлан Бекмолдинов құрбандыққа мал әкелді.

Ет аз қамтылған 47 отбасы мен бірінші, екінші топтағы мүгедектерге таратылды.

Екібастұз қаласы тұрғындары құрбандық шалуға арналған малдарды «МПК-Экибастуз» ЖШС кәсіпорнының қасапханасында  сойды.