Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің аппараты

Қала әкімінің жедел және шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары

Ержан Бейбутович Иманзаипов - Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары

         1984 жылғы 30 қазанда  Павлодар қаласында дүниеге келген.

         2 жоғары білімі бар, 2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін инженер мамандығы бойынша, 2010 жылы Алматы экономика және статистика академиясын қаржы бакалавр мамандығы бойынша аяқтады.

«Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тұрғындармен жұмыс жөніндегі бөлімінің  бас маманы, Электр және жылу энергиясы саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департаментінің Табиғи монополияларды реттеу басқармасының электрэнергетиканы реттеу бөлімінің жетекші маманы, тарифтік, техникалық реттеу және әдіснама басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаменті директорының орынбасары.

         Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары  лауазымын атқарды.

         Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі -10 жыл.

         Екібастұз қаласы әкімінің 2016 жылғы 9 тамыздағы № 271 өкімімен Ержан Бейбутович Иманзаипов Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.


Қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары

 

Маликова Мариям Даулетбековна - қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары . 1985 жылдың 21 сәуірінде Павлодар облысының Екібастұз қаласында туған. Білімі –жоғары, 2007 жылы Мәскеу қаласының Қазіргі гуманитарлық академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын  2007 жылы «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру – бақылау бөлімінің бас маманы болып бастаған. «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік – құқық бөлімінің бас маманы, «Павлодар облысының мәдениет басқармасы» ММ ішкі аудит жөніндегі бас маманы, «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» ММ бас маманы болып қызмет еткен. 

2011 жылдың сәуір айынан бастап Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік – құқық бөлімінің бастығы лауазымын атқарды.

2013 жылдың 20 наурызынан Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы.

 

Қала әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасары - Бос орын

Бигельдиев Даулетяр Серикулы - Екібастұз қаласы әкімінің кеңесшісі

        1990 жылғы 18 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының  Шымкент қаласында туған.

        Білімі – жоғары, 2011 жылы Шымкент университетін заңтану мамандығы бойынша бітірген.

        Мемлекеттік қызметтегі өтілі – 3 жыл. 

«ТЭК-Казахстан» ЖШС-де инженер-механик, директорының көліктік мәселелер жөніндегі кеңесшісі, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.   

        Екібастұз қаласы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалғанға дейін Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімі орынбасарының лауазымын атқарған.  

Екібастұз қаласы әкімінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 84 өкімімен Даулетяр Серикулы Бигельдиев Екібастұз қаласы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.

 

 

 

Анвар Кудайбергенович Кантаев - Екібастұз қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы

        1981 жылы 3 қаңтарда Павлодар облысының Ақсу қаласында дүниеге келген.  

         Білімі – жоғары, 2004 жылы заңтану мамандығы бойынша "Қайнар" университетін бітірген. 

         Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 10 жыл.  

         Павлодар қаласы бойынша салық комитеті заң бөлімінің бас маманы, Павлодар облысы бойынша салық комитеті ұйымдастырушылық және қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету басқармасы жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, Ақсу қаласы әкімінің кеңесшісі, «Павлодар қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары  болып жұмыс істеді. 

         Екібастұз қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы болып қабылданғанға дейін "Горкомхоз" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры лауазымын атқарды.

Екібастұз қаласы әкімінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 200 өкімімен Анвар Кудайбергенович Кантаев Екібастұз қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы болып қабылданды.

 

Женис Каирлыевич Шакатов - Екібастұз қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы

1972 жылы 9 мамырда Павлодар облысының Павлодар қаласында дүниеге келген.    

2 жоғары білімі бар, 1994 жылы өнеркәсіптік жылу энергетикасы мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік техникалық  университетін, 1996 жылы бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша Мемкомстат және ҚР Еңбек министрлігінің есеп жүргізу кадрларын даярлау Республикалық салааралық институт бітірген.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 21 жыл.

         Павлодар қаласы бойынша салық инспекциясының бас салық инспекторы, Успен ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы, Ақсу қаласы бойынша салық басқармасының бастығы, Павлодар қаласы бойынша салық басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.       

Екібастұз қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы болып қабылданғанға дейін Павлодар қаласы әкімі орынбасарының лауазымын атқарды.

Екібастұз қаласы әкімінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 269 өкімімен Женис Каирлыевич Шакатов Екібастұз қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы болып қабылданды.

 

Қала әкімінің бас маман - баспосөз хатшысы

Шарипов Ринат Жасуланович

Телефон: 34-08-77

E-mail: ekb_press.gov@mail.ru

 

Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы

Нығманова Нұргүл Қайдарқызы

Телефоны: 34-08-67

 

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

Оспанова Раушан Зейнелкабиденовна

Телефоны: 34-08-64

 

Мемлекеттік-құқық бөлімінің басшысы

Сатвалдинова Майя Ермекқызы

Телефоны: 34-08-73

 

Қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы

Әбілкәкімова Меңсұлу Шаймұранқызы

Телефоны: 34-08-85

 

Персоналды басқару қызметінің басшысы

Дузембаева Айгуль Думаковна

Телефон 34-12-99

 

Жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс
және төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі 
басшысының міндетін атқарушы

Болатбек Хамзинович Рамазанов 

телефон 34-07-58