Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Электрондық үкіметтің әлемдік сарапшылары қазақстандық ХҚКО-ларда болды

   Өз елдерінде электрондық үкіметтің дамуына жауапты шетелдік мамандар Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ автокөлікті тіркейтін және жүргізуші куәлігін беретін Мамандандырылған ХҚКО-ларда болды.

            Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің өкілі Абылайхан Оспанов қазіргі таңда Халыққа қызмет көрсету орталықтары 12 мемлекеттік органның 160 қызметін көрсететінін айтты.

            Сонымен қатар, ол 2011 жылы барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде ХҚКО-лар электрондық үкімет порталы жүйесіне қосылғанын, бизнес-процесстер оңтайландырылып, қызмет көрсету сапасын бағалау жүйесі, электрондық кезек, ХҚКО-ға келу уақытын онлайн броньдау және т.б. енгізілгенін айтты.

            Оспановтың айтуынша, клиенттерге қызмет көрсету уақыты орташа есеппен 15-20 минутқа дейін қысқарған.

            Сарапшылар өз кезегінде ХҚКО-ларды құрудағы қазақстандық тәжірибенің бірегей екендігін атап өтті. Олардың айтуынша, мемлекеттік  қызметтің барлық түрін бір жерден көрсететін мұндай орталықтар көрші мемлекеттерде де, қиыр шетелдерде де жоқ.   Мысалы, Австралияда осы іспеттес институттар жекелеген қызметтердің бір бөлігін, яғни олар тек әлеуметтік қызметтер түрін ғана ұсынады екен.  

        Бұл күндері Астанада электрондық үкімет бойынша өтіп жатқан Жаһандық Форумның қатысушылары, тұрғындардың өз бетінше қызмет ала алатын Connection Point өзіне-өзі қызмет көрсету секторларына да ерекше назар аударды.

            Ал Мамандандырылған ХҚКО-да қатысушылар жүргізуші куәлігін алу процесін көрді.

            Болгария Көлік, ақпараттық технологиялар және хабарламалар Вице-министрі Камен Спасовтың айтуынша, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер ұсыну өте қолайлы, әсіресе бұл барлығының бір жерде шоғырлануы және бірден бірнеше мемлекеттік органға бару қажеттілігінің жоқтығы бөлігінде байқалады.

Оның айтуына қарағанда, Болгарияда жүргізуші куәлігін алудың осыған ұқсас қағидаты «Бізде сондай-ақ жүргізуші куәлігін алуға теориялық емтихан тапсырудың электронды жүйесі қарастырылған, бірақ практикалық емтиханды нұсқаушымен бірге тапсырады, бұл жерде сіздер ілгері басқансыздар және процессті одан әрі автоматтандырғансыздар».

Бұдан басқа, Абылайхан Оспанов қазіргі уақытта Қазақстанда мұндай 5 орталықтың іске қосылғанын, жыл соңына дейін осындай 4 орталық -  Қызылорда, Петропавл, Павлодар және Талдықорған қалаларында ашылатынын хабарлады.

     Естеріңізге сала  кетейік, жақында Алматы қалалық Мамандандырылған ХҚКО-да Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлескен пилоттық жоба негізінде автокөлік иелері дәрігерлік байқаудан өтетін және қажетті анықтамасын алатын медициналық кабинет ашылды. Осылайша, жүргізуші куәлігін алу үшін әрбір қазақстандық Мамандандырылған ХҚКО-ға келсе болғаны, барлық жұмысын осында тындырып қайтады.

Анықтама:

Жыл басынан 2014 жылдың 1 қазанына дейінгі кезеңде Қазақстанның Мамандандырылған ХҚКО-ларында 94 892 жүргізуші куәлігі, автокөлік басқаруға  16 958 сенімхат берілген. 332 419 автокөлік құралы тіркелген/қайта тіркелген.