kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Талғат Шымкентұлы Момбаев Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Талғат Шымкентұлы Момбаев Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 1 қазандағы өкімімен Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

1974 жылғы 28 ақпанда туған. Екі жоғары білімі бар. 1997 жылы автомобиль және трактор жасау мамандығы бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін тамамдаған, 2012 жылы мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Талғат Шымкентұлы Момбаев еңбек жолын 1999 жылы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль көлігі департаметінің жетекші маманы болып бастаған.

Автомобиль көлігі басқармасының бастығы, Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бастығының орынбасары, Индустрия және сауда министрлігі Сауданы дамыту департаменті директорының орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жергілікті қамтуды дамыту департаменті директорының орынбасары болып еңбек еткен.

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жаңа технологиялар департаменті директорының орынбасары лауазымын атқарды.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі  - 15 жыл.

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза