Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қарттар күні ойдағыдай атап өтілді

Халықаралық қарттар күнін мерекелеу шеңберінде «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қамқорлығындағы қарт адамдарды құрмет тұтудың белгісі ретінде мерекелік жиын жасады.

Ең алдымен, демеушілер қаржысын қолдану арқылы, Астана қаласына саяхат ұйымдастырды, онда қатысушылар жақында ашылған Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайын, «Джунгли» аниматрондық театрын, «Думан» ойын-сауық орталығындағы океанариумды, «Хазірет Сұлтан» мешітін аралаумен қатар, оларға 3 сағаттық қосымша жалпы көріністік саяхатқа мүмкіндік берілді. Елордамызды 18 жастан асқан 5 мүгедек жандар мен 18 жалғысбасты қарт-қариялар тамашалап қайтты.

«Циала» дәмханасында 10 жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге қайырымдылық түскі ас ұйымдастырылып, №21 орта мектебі оқушыларының қатысуымен мәдени, шығармашылық концерт қойылды. Сәтті ұйымдастырылған жиында қариялар мен кейуаналарымыздың жүзіне күлкі үйіріліп, шаттыққа бөленді. Мектеп оқушылары қонақтарға арнап ән айтып, би биледі, және де өз қолдарымен жасалған сыйлықтарын ұсынды.

Үйден ұзап шыға алмайтын мүгедек жандар мен әлеуметтік үй қарауындағы жалғызбасты қарттарға арнайы құттықтаулар әзірленді.

Демеушілердің жинап берген қаржысы есебінен 262 жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнет жасындағы қарттарға, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандар азық-түлік өнімдерін алды.