Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала әкімі ұстаздарды құттықтады

         Бүгін «Өнер» қалалық мәдениет орталығында  білім беру саласының қызметкерлеріне арналған салтанатты жиналыс өткізілді.

         Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк бұл мамандық иелерін құттықтап, алғысын білдірді.

Құттықтау сөзден кейін қала басшысы салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.

Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі елеулі үлесі, білім беру саласындағы адал еңбегі, белсенді өмірлік ұстанымы үшін «Екібастұз қаласының алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісін педагогикалық еңбек ардагерлері Галина Климоваға, Маруаш Сағындықоваға, Жақсылық Саимовқа табыс етіп, ең мықты ұстаздарға  мадақтау қағаздар мен алғыс хаттар тапсырды.

Білім беру саласының ардагерлеріне гүл шоқтары мен сыйлықтар берілді.

Кездесу концерттік бағдарламамен сүйемелденді.