Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тілдер достығы – халықтар достығы

Қазақстан халқы тілдерінің күнін мерекелеу аясында 2014 жылдың 24 қыркүйек күні «Өнер» қалалық мәдениет үйінде дәстүрлі «Тілдер достығы – халықтар достығы» атты фестиваль өтті.

Фестивальға Достық Үйінің этномәдени бірлестіктері қатысты. Өз тілдерін жаңғыртып, қолдап жүргендері үшін «Братство», «Полония»,  «Әзірбайжан», «Світанок» және «Возрождение»  этно-мәдени бірлестіктер Екібастұз қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.