Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала әкімі қалалық ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді

2014 жылдың 25 қыркүйегінде Екібастұз қаласы әкімдігінің кіші залында  қала әкімі  Александр Вербняктың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілді.

Отырысқа қалалық ведомствоаралық комиссияның мүшелері, қала әкімінің орынбасарлары, әкімдік бөлімдерінің және қаланың мемлекеттік мекемелерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес «Екібастұз қаласы Солнечный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі бағдарламалық құжаттардың орындалуы, Екібастұз өңірінде 2013 жылы және 2014 жылдың өткен кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдары жұмысының жай – күйі, мемлекет кірісіне әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу, көшедегі қылмыс пен қоғамдық органдарда жасалған қылмыс профилактикасы бойынша жұмыстың жай – күйі, мал ұрлығының алдын алу және жол бермеу бойынша жұмыстың жай – күйі, түсті және қара металлдың ұрлануымен байланысты қылмыстың алдын алу және жолын кесу, сонымен қатар көрсетілген санаттағы қылмыстың профилактикасы жөніндегі жұмыстың тиімділігі туралы мәселелер талқыланды.

Күн тәртібінің мәселелері бойынша  Екібастұз қаласы прокуратурасы бөлімінің бастығы Дулат Бейсембаев пен Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Ади Данияров сөз сөйледі.  

            Отырыстың барлық мәселелері қаралды. Қала басшысы отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелер жөнінде нақты тапсырмалар берді.