Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тағайындау

Екібастұз қаласы әкімінің 2012 жылдың 22 ақпанындағы №42 өкімімен Дүйсенбаев Кенжебек Дүйсенбайұлы Екібастұз қаласы әкімінің ауыл шаруашылық мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.

Дүйсенбаев Кенжебек Дүйсенбайұлы 1961 жылы 28 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ақсан ауылында дүниеге келген.

Білім жоғары, 1984 жылы Қазақ ауылшаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын «Баянауыл» совхозында МТМ меңгерушісі болып бастаған. «Баянауыл» совхозының бас инженері, «Баянауыл аудандық әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы тасымалдау көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сінің бастығы, Баянауыл әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарды.

2009 жылдан бастап «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі» ММ-сінің бастығы қызметін атқарды.